Жерар Гоу - үшінші жыл қатарынан Қазақстанның үздік сұрмергені

Жерар Гоу - үшінші жыл қатарынан Қазақстанның үздік сұрмергені

Футболдан Қазақстан чемпионаты мәресіне жетті. ХХVІ Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы - елордалық «Астана» клубы. Күмісті алматылық «Қайрат» еншілесі, қола жүлде шымкенттік «Ордабасы» клубының қоржынында кетті.

Биылғы Қазақстан біріншілігінің үздік сұрмергені тағы да «Қайрат» ойыншысы Жерар Гоу. Тағы да дейтініміз соңғы үш жыл көлемінде Гоумен бәсекелесе алатын шабуылшы табылмай келеді. Ол биыл ел біріншілігінің 32 ойынына қатысып 24 гол соқты.

Екінші орында «Астана» шабуылшысы Жуниор Кабананга. Оның еншісінде 19 гол бар.

13 гол соққан «Астана» клубының тағы бір ойыншысы ганалық Патрик Твумаси сұрмергендер тізімінде үшінші орында.

Қазақстан азаматтығы бар футболшылар арасынан ең көп гол соққан ойыншы – Бауыржан Исламхан. Ол өзі соққан он бір доптың бесеуін пенальтиден салған екен.

«Тобыл» шабуылшысы Алексей Щеткин он рет мергендік танытқан.

Ал «Ордабасы» клубының шабуылшысы Таңат Нөсербаев ел біріншілігінде қарсыластар қақпасын тоғыз рет дәл көздеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или