«Ертіс» ФК ел біріншілігінің жүлдегерлерін құттықтайды

«Ертіс» ФК ел біріншілігінің жүлдегерлерін құттықтайды

5-қараша күні қазақстандық Премьер-Лиганың соңғы 33-інші туры өз мәресіне жетіп, жеңімпаз команда мен жүлдегерлер анықталды. 

- Маусым барысында тұрақты өнер көрсеткен елордалық «Астана» 79 ұпаймен төртінші рет қатарынан чемпиондық титулды ұтып алды. Ал, 1 ұпайға ғана кем жинаған алматылық «Қайрат» үшінші жыл қатарынан күміс жүлдені қанағат тұтуда. Ізінен ерген қарсыластарынан озып шыққан шымкенттік «Ордабасы» 2017-інші жылғы маусымды қола жүлдемен аяқтады. 

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы Премьер-Лиганың жеңімпазы мен жүлдегерлерін жеңістерімен құттықтайды. Отандық футболдың ілгері дамуына елеулі үлес қосып, келер жылы бізбен бірге Еуропа Лигасының іріктеу кезеңінде сәтті өнер көрсетулеріңізге тілектеспіз. Құрметпен «Ертіс» ФК, - делінген құттықтау хатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или