Еурокубокқа қатысатын клубтар өзгерген жоқ
Келесі жылы Қазақстанның намысын еурокубоктарда қорғайтын клубтар белгілі болды.
Ел чемпионы «Астана» УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Ал күміс жүлдегер және Кубок иегері «Қайрат», қола медалист «Ордабасы», төртінші орын алған «Ертіс» Еуропа лигасында бақ сынайды.
Айта кетейік, бұл төрттік биыл да еурокубокта ойнаған болатын. «Ордабасы» бірден бірінші іріктеу кезеңінде ұшып кетсе, «Қайрат» пен «Ертіс» екінші кезеңнен қайтты. Ал «Астана» әлі де болса Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнап жатыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или