«Ақтөбе Ж» футбол клубының жиналысы өтті

«Ақтөбе Ж» футбол клубының жиналысы өтті

<span>Кеше «Ақтөбе» ФК-ның баспасөз-орталығында «Ақтөбе Ж» командасының жиналысы өтті. </span>

<span>Жиналысқа команда бапкерлері, ойыншылар және клуб басшылығы қатысты. Жиын барысында команда бас бапкері Валерий Алемаскин өткен маусымды қорытындылап, алдағы жоспарларымен бөлісті. «Ақтөбе» ФК бас директоры Мақсат Тюмалиев ойыншылар мен бапкерлерге өткен маусым үшін алғысын айтып, келесі футбол маусымына дайындықты қазірден бастап кетудің маңыздылығын баса айтты. Жоспар бойынша команда жуық арада аздаған демалыс алады, қараша мен желтоқсан айларында қаламызда қысқамерзімді жиын өткізіп, жас ойыншыларды іріктейтін болады. Кездесу соңында Мақсат Әлбекұлы маусымның ең үздік деген ойыншыларын марапаттады.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или