«Астананың» дүркіреген дәуірі

«Астананың» дүркіреген дәуірі

Бүгін Қазақстан Премьер-Лигасының соңғы тур ойындары өтеді. Чемпиондықтың тағдыры әлі шешілмеді.

Алматыда «Қайрат» <span>«Ақтөбені» қабылдайды, ал елорданың төрінде «Астана» мен «Ақжайық» күш сынасады. Премьер-Лигадан шығып қалған командалар белгілі. Олар: Көкшенің «Оқжетпесі» мен Жамбылдың «Таразы». Ал жүлдегерлер қатарына «Астана», «Қайрат» және «Ордабасы» кірді. </span>

<span>«Ордабасы» қола жүлдегері атанды. Ал алтын табақтың кімге бұйыратыны әлі белгісіз. «Астана» мен «Қайраттың» арасын бір ғана ұпай бөліп тұр. Кімнің бағы мен бабы келіседі, чемпиондық соған бұйырады.</span>

<span>Биылғы маусымда «Астана» Оралдың «Ақжайығымен» екі мәрте кездескен. Бірінші ойын 17 наурыз күні «Астана Аренада» өткен. Бұл ойында алаң иелері Аздрен Ллуллаку, Джуниор Кабананга және Серікжан Мужиковтың соққан голдарының арқасында 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ал екінші кездесу араға екі ай салғанда өтті. Ендігі «Астана» сырт алаңда «Ақжайықтан» үш ұпай алуға барған. Тартысты өткен ойында есеп екінші таймның орта тұсында ғана ашылды. «Астана» сапынан Иван Маевский мен Роман Мұртазаев көзге түсті.</span>

Көріп отырғанымыздай, <span>«Астана» «Ақжайықты» түзде де, өз үйінде де ұтқан. Бүгінгі ойын өзгеше болары сөзсіз. Алайда «Астананың» жеңісіне ешкім күмән келтірмейтіні белгілі.</span> 

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или