Саян Хамитжанов: «Ақжайықты» жеңіп, маусымды чемпион ретінде аяқтаймыз
«Астана» командасының бас менеджері Саян Хамитжанов ел біріншілігінің соңғы туры аясында өтетін «Ақжайыққа» қарсы матч жайлы ой бөлісті. <br />
<span>– Жеңуіміз міндет, одан өзге жолымыз жоқ. Оның үстіне «Маккабиге» қарсы ойында бапкерлер алқасы командаға ротация енгізіп, дұрыс шешім қабылдады. Қосалқы құрамға Марин Аничичті, Роман Мұртазаевты қалдырды. Сондай-ақ, жексенбілік кездесуге Срджан Граховац та дайын болуы керек. Сондықтан «Ақжайықты» жеңіп, маусымды чемпион ретінде аяқтаймыз деп сенемін. Жанкүйерлерімізді 5 қараша күні өтетін ойынға шақырамын. Біз сіздердің қолдауларыңызға мұқтажбыз!, - деді Саян Хамитжанов </span>egemen.kz сайтына берген сұхбатында.
Айта кетейік, бүгін ел біріншілігінің соңғы тур ойындарыы өтеді. Елордалық <span>«Астана» өз алаңында «Ақжайықты» қабылдамақ. Ойын жергілікті уақытпен 15:00-де басталады.</span>