ШҚО футбол бапкерлерін оқыту аяқталды
«Восток» стадионында ШҚО футбол бапкерлерін оқытудың соңғы кезеңі аяқталды.
Өскемен қаласында футболдан Шығыс Қазақстан облысындағы балалар бапкерлеріне арналған оқыту сабақтары аяқталды.
Көктемнен бастап ШҚО-ның балалар бапкерлері «Восток» стадионындағы «Алтай» академиясының базасында теориялық және практикалық сабақтарға қатысты. Қазақстан футбол федерациясының техникалық директоры Николай Роздобудько қатысушыларға лекция оқып, түрлі видеоматериалдар ұсынды.
1 қараша күні облыстың бапкерлері «Восток» стадионына қайта жиналды. Онда оларға «Ойын алдындағы жаттығулар мен допты адымдап жүргізу» тақырыбында теориялық семинар ұйымдастырылды. Ал бүгін «Восток» стадионының алаңында «Алтай-2005» командасының қатысуымен «Позициялық ойындар» тақырыбында практикалық семинар өтті.