Мужиков «Астана» сапында ең көп ойын өткізген үздік 10 ойыншының тізіміне енді
«Астана»ЕуропаЛигасыныңтоптықкезеңіаясындасырталаңдаизраильдік«Маккаби» команда сынақарсыойнап, 1:0 есебімен басымтүсті.
Аталмыш кездесуде СерікжанМужиков командалас әріптесі АсхатТағыбергенді алмастырған болатын.Осылайша, жартылай қорғаушы «Астана» сапында өткізген кездесулер санын 127-ге жеткізді.
Серікжан осы нәтижесінің арқасында Рохер Каньясты қуып жетіп, «Астана» сапында ең көп ойын өткізген футболшылар тізімінде колумбиялық ойыншымен бір қатарға жайғасты. Айта кетейік, Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы жақында ғана клуб тарихындағы нәтижелі пас берген ойыншылар тізімінде бесінші орынға көтерілген болатын.
Ал «Астана» сапында ең көп матч өткізген ойыншылардың көшін команда капитаны Ненад Эрич (218 ойын) бастап тұр. Екінші орында Абзал Бейсебеков (207 ойын). Үздік ондық тізімінде «Астана» командасының қазіргі құрамынан Дмитрий Шомко, Патрик Твумаси, Марин Аничич және енді Серікжан Мужиков бар.