Конте: Моуриньоның жұмысын құрметтеймін, ол да менікін құрметтеуі керек
«Челсидің» бас бапкері Антонио Конте ағылшын Премьер-лигасының 11-ші турындағы «Манчестер Юнайтедке» қарсы матч алдында «қызыл сойқандардың» бас бапкері Жозе Моуриньомен ара-қатынасы туралы айтты.
«Біз басқа бапкердің жұмысын құрметтеуіміз керек. Маған басқа жағдай туралы айтқан ұнамайды. Ол менің қарсыласым, мен оның қарсыласымын. Ойыннан кейін солай болып қала береді. Мен оның жұмысын құрметтеймін, ол менікін құрметтеуі тиіс», - деді италиялық маман.
Естеріңізге сала кетсек, «Челси» - «Манчестер Юнайтед» матчы 5 қарашада Астана уақытымен 22:00-де өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или