Роналду – 2016 жылдың үздік шабуылшысы

Роналду – 2016 жылдың үздік шабуылшысы

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду Халықаралық футбол тарихы және статистикасы федерациясының (IFFHS) нұсқасы бойынша 2016 жылдың үздік шабуылшысы болып марапатталды.

Есептеу кезінде құрама және клуб сапында халықаралық матчтарға соғылған голдар ғана саналды.

2016 жылы 32 жастағы форвард 24 гол соққан (13 – Португалия құрамасыда, 11 – «Реалда»).

Роналду осымен үшінші рет осы жүлденің иегері атанып отыр, бұл рекордтық көрсеткіш саналады. Ол бұған дейін 2013 және 2014 жылдары ұтып алған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или