Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңіндегі екінші ойынында жеңілді
Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріндегі екінші кездесуінде Қазақстан құрамасы Ресей командасына 11:0 есебімен жеңілді.
В тобының басқа матчында Испания футзалшы қыздары Румыния құрамасын 9:1 есебімен жеңді.
Ертең, 4 қарашада, Еділхан Рабаев шәкірттері Румыния құрамасының қыздарымен ойнайды.
Еске сала кетейік, 17 жасқа дейінгі футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы биыл ғана құрылып, халықаралық деңгейдегі жарысқа бірінші рет қатысып жатыр.
Қазақстан U17 - Ресей U17 - 0:11 (0:3)
Голдар: Анна Жигулина 3, 36, Мария Самойлова 9, 9, 28, 39, 40, АрайлымОрынбасарова - автогол 33, Алена Семенова 36, 40, Яна Зимирова 38;
Қазақстан U17: қақпашылар - Ангелина Портнова, Назым Исмаилова, алаңдағы ойыншылар - Арайлым Орынбасарова, Анастасия Низамутдинова, Әсемгүл Аруова, Александра Бурова, Гүлмира Ташмет, Айдана Серікбай, Гүлім Қайырнас, Алина Шалмуханбетова.
Ресей U17: қақпашылар - Юлия Хлюстова, Александра Колесова, алаңдағы ойыншылар - Татьяна Хабарова, Анна Жигулина, Алена Семенова, Кристина Хавич, Валерия Хлебосолова, Арина Дудолева, Яна Зимирова, Екатерина Митрофанова, Екатерина Самойлова, Мария Самойлова.
02 қараша 2017 жыл.Лас-Росас қ., Испания.