«Астана» топтан шығуға үлкен қадам жасады
Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңі аясындағы «Маккаби» мен «Астана» арасындағы кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды.
Кездесудің бірінші таймында есеп ашылымағанымен алаң қожайындарының үлкен басымдығы байқалды. Ал елордалық ұжым допты қарсыласқа беріп қойып қарымта шабуылға иек артты.
Бұл тактика екінші таймның басталғанына он минут өткенде өз нәтижесін берді. Кезекті қарымта шабуыл кезінде қорғаныстағы ұқыпсыздықты ұтымды пайдаланған Твумаси есеп ашты. Кейін белгілі болғандай бұл гол «Астана» қоржынына үш ұпай салды.
Бұл жеңісінен соң «Астана» өз тобында екінші орынға көтерілді. Елордалық команда қоржынында төрт ойыннан соң жеті ұпай бар.
Естеріңізде болса, «Астана» бұған дейінгі үш ойында бір рет ұтылып, бір рет тең ойнап, бір рет жеңген болатын.
«Маккаби» (Тель-Авив, Израиль) – «Астана» (Қазақстан) – 0:1 (0:0)<br />Гол: Твумаси 57.
Ескерту алғандар: Шенфельд 66 — Тагыберген 39
«Маккаби»: Райкович, Бабен, Кьяртанссон, Блэкмен (Ацили 77), Йейни, Атар (Шенфельд 65), Тиби, Рикан, Давидзаде, Баттокьо, Даса (Миха 65)
«Астана»: Эрич, Шомко, Шитов (Аничич 88), Постников, Малый, Бейсебеков, Тагыберген (Мужиков 72), Маевский, Твумаси, Томасов (Муртазаев 74), Кабананга