Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы турнир басталды

Петропавлда мүмкіндігі шектеулі жастар арасындағы турнир басталды

<span>Петропавлда интеллектуалды мүмкіндігі шектеулі жастар арасында жеңіл атлетикадан республикалық турнир басталды. </span>

<span>Дәстүрлі додаға еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам адам қатысып жатыр. </span>

<span>Айта кету керек, байқауды ұйымдастыруға «Special Olimpics Kazakhstan» қоғамдық бірлестігі мұрындық болды. Мамандардың айтуы бойынша, мұндай сайыстар кембағал жандардың физикалық және рухани тұрғыда дамуына сеп болмақ. Ал жарыс жеңімпаздары 2019 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін халықаралық жарыста ел намысын қорғайды. Ольга Бахарева, «Special Olimpics Kazakhstan» қоғамдық бірлестінің бас директоры:  - 1991 жылдан бастап Қазақстан құрамасы он төрт бүкіләлемдік олимпиада ойындарына қатысты. 550-ден астам жеңіл атлетшіміз биік тұғырдан көрініп, жеңімпаз атанды.</span>

<span> Бүгінгі күні біздің бірлестіктің қарамағында 21 мыңға жуық азамат, спорттың 23 түрімен айналысады. Бұл – жақсы көрсеткіш.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или