«Ертіс» «Шахтерге» қарсы дайындықты бастап кетті

«Ертіс» «Шахтерге» қарсы дайындықты бастап кетті

Кеше команда Премьер-Лиганың соңғы турына арналған алғашқы жаттығуын жасады. 

Сырт алаңда «Оқжетпесті» жеңгеннен кейін павлодарлықтар 2 күндік демалыс алған болатын. Бүгін команда Орталық стадионда жиналып, 2 сағатқа созылған дайындық жұмыстарын жасады. 

Жаттығудың алғашқы бөлігінде жігіттер дене қыздырған соң, екінші бөлігінде кішірейтілген қақпаға екеуара футбол мен квадрат ойнады. 

«Ақтөбеге» қарсы кездесуде жарақат алып, Көкшетаудағы ойынға қатыспаған Пірәлі Әлиев жалпы топта дайындалды. 

Ал, осыған дейінгі турда аздаған жарақат алған Исмаэль Фофана алаңғды айнала жүгіріп жаттығумен шектелді. 

Айта кетейік, биылғы маусымның соңғы ойыны Павлодарда өтеді. «Ертіс» өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдайды. Басталуы - 15:00. Кіру тегін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или