Қазақстан альпинистері Азия Кубогынан жүлделі оралды
<span>27-29 қазан күндері Қытайдың Ванханшань қаласында құзға спорттық өрмелеуден өткен Азия Кубогында қазақстандық альпинистер бір алтын, екі күміс, бір қола медаль алып келді. Бұл туралы ҚР Альпинизм және құзға спорттық өрмелеу федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап, ҚазАқпарат хабарлады. </span>
<span>27-29 қазан күндері Қытайдың Ванханшань қаласында спорттық құзға шығудан Азия Кубогы ұйымдастырылған. Оған Қытай, Оңтүстік Корея, Жапония, Иран, Сингапур, Таиланд және өзге де мемлекеттердің спортшылары қатысқан. Бәсеке қызған додадан қазақстандық құзға шығушылар жүлдесіз қайтпапты.</span>
<span>Әйелдер арасында да отандастарымыз ел абыройын асқақтатып келген. Атап айтқанда, Әсел Марленова қытайлық спортшыдан сәл ғана қалып, күміс жүлдеге ие болса, аталған спорттың «боулдеринг» сайысы бойынша Иран мен Сингапурдың құзға шығушыларын алға жіберген Тамар Кузнецова қола жүлдені місе тұтты. </span>