Дмитрий Хомич: «Қайрат» чемпион бола алмайды
Пермьдік «Амкардың» қақпашысы, бұрын «Қайраттың» намысын қорғаған Дмитрий Хомич Prosports.kz-ке берген сұхбатында алматылық клубтың чемпиондыққа мүмкіндігі жоқ екенін айтты.
«Қайрат» чемпионаттың басында көп ұпай жоғалтып алды. «Астанаға» қарсы соңғы матчты көре алмадым, бірақ нәтижесін білемін. Өкінішке қарай, матч шолуын да көргенім жоқ. Әрине, биыл «Қайраттың» чемпион болғанын қалаймын. Бірақ бәрі алматылық клубқа байланысты емес. Ол үшін «Астананың» ұпай жоғалтуы керек қой. Бірақ, меніңше, Станимир Стойловтың командасы соңғы турда «Ақжайықты» оңай ұтады. Мұндай жағдайда «Қайраттың» «Ақтөбенің» ұтуы алтын жүлде алуға көмектеспейді», - деді Хомич.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или