Алматыда жеңіл атлетикадан турнир өтеді
Қараша айының 4-5 аралығында Almaty Arena стадионында Қазақстанда алғаш рет «Метеор» атты жүгіру жобасы іске қосылады. Жеңіл атлетикадан өткізілетін жарыс әуесқойларға 400 м, 800 м, 1500 м немесе 3000 м қашықтықтарда және 4-те 400 эстафетасында немесе аралас командалар құрамындағы «Швед Эстафетасында» бақ сынасуға мүмкіндік береді.
«Метеор» спорттық шарасы қала тұрғындарын негізгі жүгіру түрлерімен шұғылдануды насихаттау, осы спорт түріне қызықтыру, сондай-ақ, әуесқойлардың жүгіруден шеберліктерін арттыру мақсатында ұйымдастырылады.
Жарысқа 14 жастан жоғары жүгіру әуесқойлары қатыса алады. Олар жеке және командалық эстафеталарда жарыс жолына шығады. «Метеор» қысқа және орташа қашықтықтарда кәсіби жүгіруден спорттық дайындығыңызды сынауға мүмкіндік береді. Аталмыш шара Алматы қаласының жеңіл атлетка Федерациясы, «Экстремальная атлетика» қоғамдық бірлестігі мен Алматы қаласы дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өткізіледі.
Бұл жарысқа қатысу үшін www.runmeteor.kz сайтында электронды түрде тіркелу қажет.
Айта кетер жайт, қарашаның 1-і күні, сағат 11.00 АиФ бизнес орталығында (Абай 10а, Фурманова көшесінің қиылысында) жеңіл атлетикадан «Метеор» жарыстарына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
Баспасөз мәслихатының спикерлері :
1. Наталья Попова –Алматы жеңіл атлетика федерациясынан «Метеор» жобасының үйлестірушісі,
2. Вадим Винокуров – «Экстремалды атлетикадан» «Метеор» жобасыныңүйлестірушісі;
3. Данил Ерещенко – бапкер, жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері;
4. Алия Смакова –Алматы дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары жетістіктер спорт бөлімінің бас маманы.
Қосымша сұрақтар бойынша ұйымдастырушылармен хабарласа аласыздар:
Электрондық пошта: almatyathletics@gmail.com
Тел: +7 701 769 7654