«Астана» командасы Израильге аттанды

«Астана» командасы Израильге аттанды

«Астана» командасының ойыншылары мен бапкерлер құрамы Израильдің Нетания қаласына аттанды.

Естеріңізге сала кетейік, елордалық команда 3 қараша 00:00-де (Астана уақытымен) Еуропа Лигасының топтық кезеңі аясында «Маккаби» командасына қарсы ойнайды. Ойын Нетания қаласындағы «Нетания» стадионында өтеді.

Нетанияға команда төмендегіқұраммен аттанды: қақпашылар: Ненад Эрич, Абылайхан Дүйсен,Александр Мокин, қорғаушылар: Игорь Шитов, Марин Аничич,Дмитрий Шомко, Евгений Постников,Сергей Малый, Абзал Бейсебеков,Берік Шаихов, жартылайқорғаушылар: Срджан Граховац,Серікжан Мужиков, Иван Маевский,Марин Томасов, Асхат Тағыберген, шабуылшылар: Джуниор Кабананга,Патрик Твумаси, Джордже Деспотович, Владислав Прокопенко және Роман Муртазаев. 

Команда бүгін Нетанияда алғашқыжаттығу жұмыстарын өткізеді. Ал ертең ойын алдындағы жаттығу жұмысы мен баспасөз жиыны өтеді. 

Ойынды «QAZSPORT» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или