«Маккаби» - «Астана» кездесуіне польшалық төрешілер тағайындалды
Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Маккаби» — «Астана» кездесуінің төрешілері белгілі болды.
Ойынның бас төрешісі Польша елінің өкілі Павел Рачковский болмақ. Оның көмекшілері Михал Обукович мен Томаш Листкевич. Төрешінің қосымша асистенттері Томаш Мусьял мен Томаш Квятковски. <br /><br />Естеріңізге салсақ, аталмыш ойын қарашаның екісінен үшіне қараған түні Тель-Авивте өтеді. Кездесуді «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 23:50-де басталады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или