«Маккаби» - «Астана» кездесуінің төрешілері белгілі болды

«Маккаби» - «Астана» кездесуінің төрешілері белгілі болды

Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі «Маккаби» — «Астана» кездесуінің төрешілері белгілі болды.

Ойынның бас төрешісі Польша елінің өкілі Павел Рачковский болмақ. Оның көмекшілері Михал Обукович мен Томаш Листкевич. Төрешінің қосымша асистенттері Томаш Мусьял мен Томаш Квятковски.

Павел Рачковский бұған дейін қазақстандық командалардың қатысуымен үш ойында төрелік еткен екен. Бір қызығы бұл ойындардың бәрінде қазақстандық командалар жеңіске жеткен.

Ол ойындар мыналар:

«Ертіс» (Қазақстан) — «Широки Бриег» (Босния) — 3:2.<br />«Динамо» (Грузия) — «Ақтөбе»(Қазақстан) — 0:1.<br />«Пюник» (Армения) — «Астана»(Қазақстан) — 1:4.

Естеріңізге салсақ, аталмыш ойын қарашаның екісінен үшіне қараған түні Тель-Авивте өтеді. Кездесуді «Qazsport» арнасы тікелей эфирден көрсетеді. Трансляция Астана уақытымен 23:50-де басталады

«Астана» бұған дейінгі өткізген үш ойынды бір рет ұтылып, бір рет тең түсіп, бір рет жеңген болатын. Естеріңізде болса елордалық команда дәл осы «Маккаби» ұжымын Астана төрінде 4-0 есебімен жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или