Александр Кузнецов: Ойыншылар мінез көрсете алды

Александр Кузнецов: Ойыншылар мінез көрсете алды

19 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Кузнецов Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Армениямен болған матч туралы ой бөлісті:

- Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі алдында өз күшімізді сынап көруге мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға алғыс айтамыз. Армения футбол федерациясының академиясында ойыншылар үшін барлық жағдай жасалған. Ойынға тоқталсақ, біріншіден, менің айтқанымды бұлжытпай орындап, алаңда бар күш-жігерін салып ойнаған футболшыларыма алғыс айтамын. Ереванға сапарымыз рейстің тоқтатылу себебінен ұзаққа – 29 сағатқа созылды. Алайда шаршағанына қарамастан ойыншыларымыз алаңда мінез көрсеттті.

Армения құрамасында жекелей алғанда мықты футболшылар бар. Біздің мақсат «бірге-бір» ойында допты қарсыластан тартып алу еді. Допты тартып алғаннан кейін жылдам шабуылдар арқылы ойнау керек еді. Бірінші таймда пенальти соға алмадық, бірақ бұл жерде Арменияның қақпашысы керемет ойнады. Ал гол соға алмай қалған капитанымыз Дінмұхаммед Қашкен матч бойы алаңдағы іс-қимылы мен атқарған жұмысы арқылы көзге түсті.

Екінші таймда Армения футболшылары қарқынды үдетті, шабуылдарды көбейтті. Бірақ біздің командада да есепті еселей алатын мүмкіндік болды. Мәди Жақыпбаев дубль жасай жаздады, бірақ доп қақпа бағанасына тиді. Жалпы бұл кездесуді біз барлық футболшыларымызды ойнаттық десе де болады. Тек Гаврил Кан мен Сағи Советке ғана демалуға мүмкіндік берді. Келесі матчтарға олар дайын болады.

Енді екінші ойында алғашқы матчта қосалқы құрамнан қосылған жігіттерге мүмкіндік беріп, көп ойнатамыз. Сонымен қатар, бізде ойын кезінде жүзеге асқан іс-әрекеттерімізді одан сайын жетілдіруіміз қажет. Өкініштісі, дайындығымыздың бір күнін жоғалтып алдық. Қазір ойыншыларға күш жинау барынша маңызды. Тағы айтайын, футболшылардың жан-тәнімен беріліп ойнағанына ризамын, - деді А.Кузнецов.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или