Зидан: «Реалдың» Примера мен Чемпиондар Лигасында өткізген ойындарында айырмашылық жоқ
Мадридтік «Реалдың» бас бапкері Зинедин Зидан командасының Испания біріншілігінде Чемпиондар Лигасына қарағанда салғырт ойнайды деген сынмен келіспейтінін айтты.
«Реалдың» Примера мен Чемпиондар Лигасында өткізген ойындарында айырмашылықты байқамаймын. «Реал» керісінше ел біріншілігінде барын салып өнер көрсетеді. Біз күнде алға жылжып отырамыз. Команданың ойыны мен жеңіске жетуге деген ниеті өзгерген емес», — деп келтіреді Зиданның сөзін Marca басылымы.
Айта кетейік, мадридтік «Реалдың» Испания біріншілігінің 10 турында сырт алаңда «Жирона» командасына 1:2 есебімен жол берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или