«Оқжетпес» – «Ертіс»: Сандар сөйлейді
Қазақстандық Премьер-Лиганың 32-турында «Оқжетпес» пен «Ертіс» кездесті. 1:2 есебімен павлодарлық ұжым жеңіске жетті. 30 рет ереже бұзылып, 1 сары қағаз көрсетілген ойындағы сандық статистиканы назарларыңызға ұсынамыз.
Матч алаң иелерінің допқа көбірек иелік етуімен өтті, көрсеткіш 55% – 45%.
Осы ойында «Ертіс» 14 рет қарсыластардың қақпасына соққы жасап, 9 рет тура тепкен. Ал, «Оқжетпес» 11 рет Никита Калмыковтың қақпасына соққы жасаған екен, оның төртеуі ғана тура бағытталды.
Алаң иелері 90 минуттық кездесу барысында 6 рет бұрыштама орындаған. Қонақтар 5 рет допты бұрыштамадан ойынға қосты.
Вячеслав Грозныйдың шәкірттері 16 рет ереже бұзған. Сергей Попковтың командасы 14 рет төрешінің ысқырығын шалдыруға мәжбүр болған. Дегенмен, бас төреші 1 рет қана сары қаған көрсеткен, оны көкшетаулық футболшы алды.
Павлодарлық шабуылшылар ойыннан бірде-бір рет тыс қалмаған. Ал, көкшетаулықтар 1 рет офсайд сызығына түскен.
32-тур қортындысы бойынша «Ертіс» 45 ұпаймен төртінші орынға жайғасты. Ал, «Оқжетпес» 24 ұпаймен ең соңғы 12-орында қалды.
Қос команда ел біріншілігінде осымен 35-інші рет жолықты. Павлодарлықтар 28-інші жеңісіне жетті. Қалған ойындарда 2 рет тең тарқасып, 5 рет көкшетаулықтар басым түскен.