Моуринью: Жеребеге көңілім толмайды
«Манчестер Юнайтедтің» бас бапкері Жозе Моуриньо Лига кубогының ұйымдастырушыларын сынға алды. Ширек финалдың жеребесі кезінде техникалық ақау болған.
Сондықтан трансляция жазба түрінде көрсетілді. Көбі топ-клубтар бір-біріне түсіп қалмауы үшін ақау арнайы жасалды деп пайымдап отыр.
«Жеребеге көңілім толмайды. Менің көргенім, шынайы жеребе болмады. Маған жеребе рәсімі ұнайды, оны шынайы көрген, сезінген ұнайды», - деді Моуриньо.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или