Денис Тен Алматыда шеберлік сабағын өткізді

Денис Тен Алматыда шеберлік сабағын өткізді

Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жас спортшыларға шеберлік сабағын өткізді, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.  

Өзінің тәжірибесімен алматылық спортшы мұз айдынының сыртында тұрып жас спортшылармен, қатар кез келген келушілерге де көрсетті.Жарақатына байланысты алаңға шыға алмаған Дениске мәнерлеп сырғанаудан ҚР бас бапкері Құралай Узурова мен Қазақстан чемпионы Регина Глазман, және көптген қаладағы спорт мектептерінің жас спортшылары көмектесті.

- Қазір мен жарақатымнан емделіп жүрмін. Жазылу үшін әлі біраз уақыт керек. Бірақ, ақырындап жаттығуымды жалғастырып жүрмін, осы аптада мұз айдыныңа шыға алмаймын. Алайда, мен өзімді сенімді ұстап жүрмін және де осы маусымда жақсы өнер көрсететініме сенімдімін, өзім үшін Олимпиада ойындарына қатысамын деп мақсат қойған болатынмын, бәрі де ойдағыдай болатнына сенемін, қазіргі ойым тек олимпиада ғана, – деді Денис Тен.

Бұл спорттық шара Алматы қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясымен «Жас Отан» және Алматы әкімдігінің қолдауымен қаламыздың сауда орталықтарының бірінде өткізілді.Алдағы уақытта да осындай шеберлік сабақтары жалғаса бермек.

- Мен бұл балалардан үлкен үміт күтемін. Нәтиже жаман емес, әрине оның бәрі қатысушылардың ата-аналарының арқасы. Жас спортшылар Дениске қарап үлгі алады, сондықтан Алматы қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясы Денсипен алдағы уақытта да осындай шеберлік сабақтарын өткізуді жалғастырады. Болашақта мүмкіндігі шектеулі жандар арасында да өткізетін боламыз, - деді Алматы қаласының мәнерлеп сырғанау федерациясының директоры Майра Қуандықова.

Айта кетер жайт, Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарының жеңімпазы, сонымен қатар көптеген халықаралық жарыстардың жүлдегері Денис Тен туған қаласына жиі келіп, жас спортшыларға арналған шеберлік сабақтарын өткізіп тұрады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или