Чемпиондықтың тағдыры шешілмеді
Қазақстан Премьер-Лигасының 32 туры аясында елордалық «Астана» өз алаңында алматылық «Қайратты» қабылдады.
Жанкүйерлер «чемпиондық ойын» деп атаған ел классикасын екі ұжым да аса сақтықта бастады. Алғашқы таймда стадионға келген көрермендер гол көре алмады.
Тек екінші таймның орта тұсында алматылық команда есепті ашты. Андрей Аршавиннің көтерген бұрыштама добына бірінші болып жеткен жас қорғаушы Айбол Әбікен «Астананың» қақпасын дәл көздеді. Ал араға 17 минут салғанда Жерар Гоу есепті еселей түсті. «Қайраттың» шабуылшысы қақпа алдындағы қарбаласты сәтті пайдаланды. «Астана» қонақтардың қос голына еш жауап бере алмады.
Осылайша алматылық «Қайрат» чемпиондық таласты бір турға шегерді. Кімнің чемпион атанатыны алдағы «Астана» - «Ақжайық» матчында шешіледі.
Қазақстан Премьер-Лигасы. 32 тур
«Астана» - «Қайрат»
Голдар: 71' Айбол Әбікен, 88' Жерар Гоу
«Астана»: Ненад Эрич (к), Дмитрий Шомко, Юрий Логвиненко, Марин Аничич, Игорь Шитов, Абзал Бейсебеков, Иван Маевский, Серікжан Мужиков, Патрик Твумаси, Роман Муртазаев, Жуниор Кабананга.
«Кайрат»: Покатилов, Парагульгов, Исаэль, Аршавин, Гоу, Арзо, Элек, Бато, Суюмбаев, Куат, Лунин.