Давид Лорияға сәтті ота жасалды
Павлодарлық «Ертістің» қақпашысы әрі капитаны Давид Лорияға ахилл сіңірінің үзілуінен кейін италияндық Villa Stuard клиникасында ота жасалды.
Медициналық штабтың ұсынған мәліметіне сүйенсек, ота сәтті өткен.
Еске салайық, Премьер-Лиганың 31-турында «Ақтөбеге» қарсы өткен ойында павлодарлық қақпашы допқа секірген кезінде аяғын қайырып алған. Кездесудің 77-інші минутында жарақат алған 35 жастағы қақпашы ойынды жалғастыра алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или