Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы: ОЖЖ-да ойыншыларды тексереміз

Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы: ОЖЖ-да ойыншыларды тексереміз

Оқу-жаттығу жиыны 7-12 қараша күндері өтеді.

Қазақстан Ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Виктор Лосев (фотода - оңда) Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында Талғардағы оқу-жаттығу жиынындағы жоспарлары туралы сөз етті:

- Жиын іріктеу ретінде өтеді. Оның барысында футболшыларды медициналық тексерулерден (мысалы, МОТ – максималды оттегі тұтыну) өткіземіз. Ойыншылардың қазіргі таңдағы жағдайы туралы кең ақпарат алу өте маңызды. Мұны барлық құрамалар да істейді. Бірақ командада ресми матчтарға дайындық уақыты аз болғандықтан, ондай тексерулер өткізуге мүмкіндік болмады.

Бізге әр футболшының мүмкіндігін білу қажет. Мүмкін біреу өзін әлі де жақсырақ көрсете алады, сондықтан оған талап та артады. Ал басқасы, мысалы өзінің бар күшін салып ойнап жүр. Сол себепті қазір, маусым аяқталған шақта біз тыңғылықты ақпарат алып, келесі турнирге дайындықты жүргізуіміз керек.

Бұл жиынға негізгі құрамның бірнеше футболшысы қатыспайды. «Астана» клубының қиын ойын кестесін ескере отырып, осы команданың ойыншылары Дмитрий Шомко мен Серікжан Мужиковқа демалыс берілді. Ал Юрий Логвиненко тек медициналық тексеруге келіп, қайта ұшып кетеді. Яғни жастар құрамасына қарсы өтетін бақылау матчында біз оны көре алмаймыз. Премьер-Лиганың өткен турында жарақат алған команда капитаны Давид Лория да Талғарға келе алмайды.<span id="ctrlcopy"><br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или