Стойловтың бапкерлер құрамы «Астанамен» 100-ші жеңісіне жетті

Стойловтың бапкерлер құрамы «Астанамен» 100-ші жеңісіне жетті

«Астана» командасының «Оқжетпеске» қарсы ойындағы жеңісі Станимир Стойлов бастаған бапкерлер құрамының елордалық командамен жеткен 100-ші жеңісі ретінде тіркелді.

Станимир команданы 2014 жылы қабылдап, бүгінгі күнге дейін ел чемпионатында 77 рет, Қазақстан Кубогында 8 рет, Суперкубокта 1 мәрте және Еурокубоктар аясында 14 рет жеңіске жеткен.

Осы уақыт аралығында қазіргі бапкерлер құрамының басшылығымен елордалық команда үш рет ел чемпионатында топ жарса, Кубок пен Суберкубокты жеңіп алған және еурокубоктердің топтық кезеңінде үшінші жыл қатарынан өнер көрсетіп келеді.

Стойлов бастаған бапкерлер құрамына бас бапкердің асистенті Григорий Бабаян, бапкерлер Саид Ибраимов, Цанко Цветанов, Аркадий Бакулин, және де қақпашылар жаттықтырушысы Евгений Набойченко кіреді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или