Касильяс Англия чемпионатына ауысуы мүмкін
«Портудың» қақпашысы Икер Касильяс мансабын АПЛ-да жалғастыруы мүмкін.
Испаниялық голкиперді қаңтарда «Ливерпуль» сатып алуы ықтимал. «Порту» жалақы көлемін азайту үшін Икерден құтылмақ. Бұл туралы Liverpool Echo хабарлады.
«Ливерпуль» Касильясты алдағы қаңтарда өз қатарына қосуға дайын. Себебі қазір командада Симон Миньоле мен Лорис Кариус тұрақсыз өнер көрсетіп жүр.
Сондай-ақ, Касильясті «Ньюкасл Юнайтед» өз сапында көргісі келеді.
Айта кетейік, испаниялық голкипердің «Портудағы» жалақысы – жылына 5 миллион еуро. 36 жастағы қақпашы осы маусымда Португалия чемпионатында 8 матч өткізіп, үш гол ғана жіберді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или