Қазақстан Аргентинамен ойнау үшін 2 млн еуро беруі мүмкін еді

Қазақстан Аргентинамен ойнау үшін 2 млн еуро беруі мүмкін еді

Осыдан бірнеше күн бұрын Қазақстан футбол федерациясы 14 қарашада Астанада Аргентина құрамасымен жолдастық матч өткізу жөнінде келіссөз жүргізгенін хабарлаған еді.

Алайда аргентиналықтар сол күні Краснодарда Нигерия құрамасымен ойнайтын болды.

Футбол жұлдызы Лионель Мессиді «Астана Аренада» көру бақыты бұйырмады. Бұл үшін қазақстандық федерация қанша ақша беруді жоспарлағаны да белгісіз. Ал Әзірбайжан футбол федерациясының айтуынша, Мессидің келуі үшін 2 миллион еуроға шығындалу қажет.

«Әдетте олармен матч өткізу екі миллион және одан да көп болады. Бірақ біз бұл тақырыпта сөйлескен де жоқпыз», - деді ӘФФ бас хатшысы Эльхан Мамедов Azerisport.com-ға берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или