157 сантиметрлік футболшы жылдамдығымен таң қалдырды

157 сантиметрлік футболшы жылдамдығымен таң қалдырды

Индонезиялық «Борнео» клубының ойыншысы Теренс Пухири әлеуметтік желіні жылдамдығымен таң қалдырды.

Футболшы бүкіл алаңды қатты жылдамдықпен жүгіріп өтіп, «Митра Кулар» қақпасына гол соқты. Аталмыш видео твиттердегі FootyMemes парақшасында жарияланды.

21 жастағы футболшының бойы 157 сантиметрді құрайды. Ол 60 метрді шамамен алты секундта жүгіріп өтті. Ал әлеуметтік желі қолданушылары оны әлемдегі ең жылдам футболшы деп атап кетті.

«Бұл шын ба?», — деп бір қолданушы таң қалды. Ал тағы біреуі оны дортмундтық клубқа Усэйн Болттың орнына алуды кеңіес берді.

Пухиридің голы «Митра Кулар» командасын 4:0 есебімен жеңуге көмектесті.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или