«Арсенал» мен «Манчестер Сити» Англия Лигасы кубогынан шеттетілуі мүмкін

«Арсенал» мен «Манчестер Сити» Англия Лигасы кубогынан шеттетілуі мүмкін

«Арсенал» және «Манчестер Сити» клубтары 1/8 финалда футболшы ауыстыру ережесін бұзғаны үшін Англия Лигасы кубогынан шеттетілуі мүмкін. Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасап, ҚазАқпарат жазды.

Сейсенбі күні «Арсенал» «Норвичті» қосымша таймдарда 2:1 есебімен жеңсе, «Манчестер Сити» «Вулверхэмптонды» пенальтилер сериясында (0:0, 4:1-пен.) ұтты.

Аталған екі клуб та негізгі және қосалқы таймдарда екеуден - жалпы төрт футболшы ауыстырған. Турнир регламентіне сәйкес, қосымша таймдар ойнауына тура келген командалар 4 футболшы ауыстыру құқығына ие. Бірақ қосымша овертаймдарда тек бір ғана футболшыны қосалқы құрамнан қоса алады. Екі ойында да төрешілер клубтардың ереже бұзуына жол берген.

Мамандардың айтуынша, бұл үшін «Арсенал» да, «Манчестер Сити» де турнирден шеттетілуі мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или