Станимир Стойлов: Чемпиондықтың тағдырын «Қайратпен» кездесуде шешуге тырысамыз

Станимир Стойлов: Чемпиондықтың тағдырын «Қайратпен» кездесуде шешуге тырысамыз

«Астана» Премьер-Лига ойындарының 24-ші туры аясында өз алаңында көкшетаулық «Оқжетпесті» қабылдап, 4:0 есебімен тас-талқан етті.

Ойын соңында елордалық команда бас бапкері Станимир Стойлов матч туралы өз пікірімен бөлісті:

- Менің командам лайықты жеңіске жетті деп ойлаймын. Ойын жылдамдығы менің көңілімнен шықты. Ойынның алғашқы таймында өзімізге қажетті екі голды соға алдық. Алайда, одан әрі есепті еселейтін мүмкіндіктер болған. Одан кейін пас беру барысында қателік жіберіп алып, қарсылас командаға қарымта шабуылға шығатын мүмкіндік беріп қойдық. Жалпы ойын бойынша, менің командам лайықты жеңіске жетті деп ойлаймын.

- Марин Аничичті ойыннан ерте алмастыруыңыздың себебі не?
- Негізі Маринді бірінші таймнан кейін алмастыру ойымда болған. Ол жігіттің жарақатынан айыққанына көп бола қойған жоқ. Тағы да жарақат алып қала ма деген уайым болды. Сол себепті 3:0 есебінен кейін алмастырғанды жөн көрдім.

- Бүгін матч тіркелген ойыншылар тізімінде бірнеше жас ойыншылар болды. Соларды алаңға шығару ойыңызда болды ма?
- Қазақстан чемпионатында жас ойыншылардың ойнауына мүмкіндік беруге болады. Алайда, негізгі құрамда өнер көрсететін 15 ойыншымыз бар. Деспотович жарақатынан айығып, жақында ғана қатарға қосылды. Ол тезірек өз формасына келу үшін алаңға шығардық. Жас ойыншылардың алаңға шығатын уақыты келеді. Мен ол жастарға міндетті түрде мүмкіндік беретін боламын. Оларға қазіргі таңда әлі де көп еңбектену қажет.

- Алда «Қайратқа» қарсы кездесу бар. Одан кейін 5 күннен кейін сырт алаңда «Маккабиге» қарсы ойнайсыздар. Осы орайда, «Қайратқа» қарсы кездесуде негізгі құрам ойыншылары алаңға шыға ма, әлде қосалқы құрам ойыншыларына мүмкіндік бересіз бе? Ол кездесуде «Астананы» тең есептің өзі қанағаттандырады...
- Егер біз тең нәтиже туралы ойлайтын болсақ, жеңіліп те қалуымыз мүмкін. Сондықтан, біз бұл ойынға барынша жауапкершілікпен қарап, қажетті нәтижеге қол жеткізуге тырысамыз. Біздің алдымызда чемпиондыққа деген соңғы қадам қалды. Оны бір ойында жасаймыз ба, әлде екі кездесуде жасаймыз ба, ол жағын көре жатырмыз. Қазіргі уақытта үш күн сайын ойнап келе жатқандықтан, ең қолайлы құраммен алаңға шығатын боламыз. Менің ойыншыларым осы ритмге үйреніп қалғандықтан, сенімді ойын үлгісін көрсетеді деп сенемін.

- «Астанаға» чемпиондықты «Қайратқа» қарсы кездесуде ұтып алу маңызды ма? Әлде соңғы турға қалдыруға бола ма?
- Біз сенбі күні өз бастаған ісімізді аяқтауға тырысамыз. Егер ол қолымыздан келмесе, соңғы турда шешетін боламыз. Алдын ала нәтиженің қандай болатынын ешкім басып айта алмайды. Ал менің ойыншыларым алдағы кездесудің маңыздылығын өте жақсы түсінеді. Осы ойында өз деңгейлерін көрсетеді деп сенемін. Чемпиондықтың тағдырын «Қайратқа» қарсы кездесуде шешуге тырысамыз.

- Станимир, Шымкенте негізгі құрамның сегіз ойыншысы барған жоқ. Сіз сол кездесуде қосалқы құрам ойыншыларына, дубль сапынан бірнеше ойыншыға сенім арттыңыз. Осы орайда, «Ордабасыға» қарсы кездесуде алаңға шыққан ойыншщылардың ойынына көңіліңіз ьолды ма? Қандай да бір қорытынды жасап үлгердіңіз бе?
- Мен ол кездесуде өзім көргім келген жағдайды көрдім. Біз егер ол кездесуде стандарттық жағдайдан екі гол жібермегенде, жеңіске де ұмтылуымызға болар еді. Біздің командада гол соғатын өте көп мүмкіндік болды. Алайда, шабуылды соңына дейін жеткізе алмай жаттық. Егер ол кездесуде алаң сапасы жақсы болғанда, сол құраммен де жеңіске жетуге болар еді.

- «Қайрат» командасының бас бапкері Карлос Феррерге қарсы алғаш рет ойнағалы отырсыз. Ол бапкер келгелі алматылық командада не өзгергенін айта аласыз ба? Осы кездесуден не күтесіз?
- Бұл бапкерлердің теке-тіресі емес, «Астана» мен «Қайраттың» тартысы болады деген ойдамын. Жаңа бапкер келгелі «Қайраттың» тасы өрге домалып, жақсы ойын көрсетіп келеді. Ел Кубогында топ жарып, чемпионатта сүрінген жоқ. Ол бас бапкер ретінде жақсы жұмыс жасап келеді. «Қайрат» өзіне қажетті команданы жасақтай алатын бапкерді тапты деп ойлаймын.

- Бүгінгі кездесуден кейін «Астана» мен «Қайраттың» чемпионатта екі ойыны қалды. «Астана» чемпионатта 72 гол соқса, «Қайрат» 70 гол соқты. Осы орайда, алматылық команданы соғылған голдар саны бойынша басып озу ойыңызда бар ма?
- Біздің бірінші тапсырмамыз чемпиондыққа қол жеткізу. Ол екінші кезекте. Тағы бір айта кететін жәйт, біздің қақпамызға жіберген голдар саны бойынша көрсеткішіміз чемпионаттағы ең үздігі екендігін айта кету керек. Егер Еуропада жақсы ойын өрнегін көрсеткіміз келсе, қақпаға аз гол жіберіп, көп гол соғудың маңызы өте жоғары. Ең бастысы менің ойыншыларым сенбі күнгі кездесу – финалдық ойын боларын түсінулері керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или