«Астана» чемпиондыққа бір табан жақындады
Елордалық «Астана» ҚПЛ 24-турының кейінге шегерілген матчында «Оқжетпеспен» ойнады.
«Астана Аренада» өткен кездесуде астаналықтар 4:0 есебімен қарсыласын тас-талқан етті. Бірінші таймда Маевский мен Кабананга гол соққан. Кейін Твумаси есепті 3:0-ге жеткізді. 80-минутта Абдуллин өз қақпасына гол соғып, матчтың нүктесін қойды – 4:0.
Осы матчтан кейін «Астана» 76 ұпаймен көш басында қалды. Елордалықтар «Қайраттан» төрт ұпайға озып тұр. Ал 24 ұпайы бар «Оқжетпес» 12-ші сатыда келеді.
Енді 32-турда «Астана» өз алаңында «Қайраттан» ұтылмаса, уақытынан бұрын ел чемпионы атанады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или