Регбиші Скотт Болдуин арыстан тістерінің іздерін көрсетті (фото, видео)

Регбиші Скотт Болдуин арыстан тістерінің іздерін көрсетті (фото, видео)

Уэльстік «Оспрейз» клубының регбишісі Скотт Болдуин арыстан тістеген орнын көрсетті. Фотоны спортшы Twitter параұшасында жариялады.

Оның қолына бірнеше тігіс салынды. Аталмыш оқиғадан кейін спортшы үш кездесуден тыс қалып, төрт ота жасалды. Болдуиннің айтуынша, ол арыстандарды жақсы көреді.

«Осы жолы мені үлкен жануарларға кіргізді. Мен ұрғашысын еш кедергісіз сипадым. Ал еркегі мені тістеп алды», — деді Болдуин.

Естеріңізге салайық, оқиға 30 қыркүйекте ЮАР елінің зообағында болды. Болдуиннің клубтасы Энди Гуд видеоны өзінің твиттер парақшасында жариялаған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или