Роналду: Месси – Роналду дәуірі әлі аяқталған жоқ
Мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Криштиану Роналдудың пікірінше, «Барселона» форварды Лионель Месси екеуі әлі ұзақ уақыт бойы футбол жанкүйерлерін қуанта алады.
Португалия құрамасының шабуылшысы бұл туралы ФИФА нұсқасы бойынша 2017 жылдың үздік футболшысы атанған соң айтты.
«Жеке және командалық деңгейде қол жеткізген нәрселеріме көңілім толады. Мен Мессимен күресіп жүрген жоқпын, үздік болып, титулдар жеңіп алу үшін күресемін. Бірақ Месси – Роналду дәуірі әлі аяқталған жоқ. Ол енді басталып жатыр», - деді Роналду.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или