Валиуллиннің «Ақтөбе» сапындағы 15-ші ойыны
«Ақтөбе» футбол клубының жартылай қорғаушысы Руслан Валиуллин өз командасы сапындағы 15-ші ойынын өткізді.
Қазақстан Премьер-лигасының 31-ші турында «Ертіске» қарсы болған ойында негізгі құрамда алаңға шыққан Руслан «ақ-қызылдар» құрамындағы ойындар санын 15-ке жеткізді.
Руслан «Ақтөбеге» 2017 жылдың басында «Ақжайықтан» келген еді. Ол жаңа командасында 15 ойында 1325 минут өткізген. 2 гол соғып, 2 голдық пас берген. 2 сары қағазы бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или