Сидельников Қазақстан біріншілігіндегі 200-ші ойынын өткізді
«Ертіс» пен «Ақтөбе» арасындағы Қазақстан Премьер-лигасының 31-ші тур ойыны «ақ-қызылдардың» қақпашысы Андрей Сидельников үшін ішкі біріншіліктегі 200-ші ойын болып тіркелді. Андрей Қазақстанда «Ақтөбеден» бөлек, «Қайрат» және «Ордабасы» клубтарында ойнады.
Андрей «Ақтөбеге» 2008 жылы ауысып келді, ақтөбелік команда сапында 6 маусым ойнады. Сидельников «Ақтөбе» құрамында ойнап, үш рет Қазақстан чемпионы атанды, екі рет күміс жүлде иеленсе, екі рет қоланы місе тұтты. Сонымен қатар, бір рет Суперкубокты, бір рет ел Кубогын иеленді. Қақпашы 2015 жылы «Ордабасыға» ауысып, 11 ойынға қатысты, 14 гол жіберді. Бір жыл «Қайратта» ойнап келген Сидельников биылғы жылдың басында «Ақтөбеге» қайта оралды.
Андрей биылғы маусымда «Ақтөбе» сапында 20 ойын өткізіп, 33 гол жіберген.