Симович «ақ-қызылдар» құрамында 10-шы ресми ойынға шықты
28 жастағы Сербия ойыншысы Слободан Симович «Ақтөбе» сапында 10-шы ресми ойынына қатысты.
Павлодар қаласында «Ертіспен» өткен ойында Слободан алғашқы минуттан бастап алаңға шыққан болатын. Алайда ойын барысында жарақатына байланысты орнын Бағдат Қайыровқа босатты.
Симович «Ақтөбеге» Израиль чемпионатынан ауысып келген еді. «Хапоель Кфар Сава» ойыншысы «ақ-қызылдарға» жазғы трансферлік кезеңде ауысқан болатын. Слободан ақтөбелік командада 10 ойында алаңда 815 минут болған. 2 сары қағаз иеленген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или