Аничич «Астана» сапында өткізген кездесулері бойынша Фоксиді басып озды
«Астана» ойыншылары Премьер-Лига ойындарының 31-ші туры аясында сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнады.
Осы ойында жақында ғана жарақатынан айығып, қатарға қосылған Марин Аничич негізгі құрамда алаңға шықты.
Бұл кездесу Босния және Герцеговина құрамасың ойыншысы үшін «Астана» сапындағы 146-шы кездесу ретінде тіркелді.
Осы көрсеткіштер бойынша Аничич Фокси Кетевоаманы қуып жетіп, елордалық команда жейдесінде ең көп ойын өткізген ойыншылар тізімінде 7-ші орынға көтерілді.
Аничичтан бөлек осы көрсеткіштер бойынша үздік ондық қатарында «Астана» командасының қазіргі құрамынан Ненад Эрич (215 ойын), Абзал Бейсебеков (205), Дмитрий Шомко (169) және Патрик Твумаси (148) бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или