Исламхан ФИФА-ның үздік футболшысы жүлдесінде кімге дауыс берді?

Исламхан ФИФА-ның үздік футболшысы жүлдесінде кімге дауыс берді?

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Александр Бородюк пен капитаны Бауыржан Исламхан ФИФА үздік бапкері және ойыншысын таңдауда кімге дауыс бергені белгілі болды. 

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Александр Бородюк ФИФА-ның жылдың үздік ойыншысы номинациясына Лионель Мессиді таңдаған: 1) Лионель Месси 2) Криштиану Роналду 3) Тони Кроос.

Ал «үздік бапкер» номинациясына үміткер үштікті былай бөлген: 1) Карло Анчелотти 2) Зинедин Зидан 3) Йоахим Лев

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан төмендегідей дауыс берді:

«Үздік ойыншы»: 1) Лионель Месси 2) Криштиану Роналду 3) Андрес Иньеста 

«Үздік бапкер»: 1) Зинедин Зидан 2) Хосеп Гвардиола 3) Антонио Конте

«Реал» клубының бас бапкері Зинедин Зидан ФИФА тұжырымы бойынша жылдың үздік бапкері атанды. Бас жүлде үшін таласта әйгілі Зидан Антонио Конте («Челси»)мен Массимилиано Аллегриді («Ювентус») басып озды. Өткен жылы үздік бапкер атағын Клаудио Раньери ұтқан болатын.

 «Реал» мен Португалия құрамасының шаубылшысы Криштинану Роналду екінші жыл қатарынан әлемнің үздік ойыншысы атанды. Дауыс беру қорытындысы бойынша португалиялық футболшы Лионель Месси («Барселона») мен Неймардан («Барселона»/ПСЖ) басым түсті .

Айта кететін жайт, осы жылы Роналду «Реалмен»бірге Испания және Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или