L'Equipe: Неймар команданың бас бапкерімен сөзге келмей қалды
«Пари Сен-Жермен» клубының жаңа ойыншысы Неймар команданың бас бапкері Унаи Эмеримен сөзге келмей қалды, деп хабарлайды L'Equipe.
Айта кететін жайт, Эмери мен Неймар жаттығуда сөзге келмей, қақтығысып қалған. Бас бапкер Чемпиондар лигасында «Андерлехтке» (4:0) қарсы ойнаған футболшыларды алаңнан кетуін сұраған. Кеткісі келмеген Неймар бапкердің бұйрығына бағынуға мәжбүр болған. Алайда қызу қанды бразилиялық мінез көрсетіп, қабырғаға допты бар күшімен тепкен.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или