«Golden Boy» сыйлығы Килиан Мбаппеге бұйырды

«Golden Boy» сыйлығы Килиан Мбаппеге бұйырды

Италияның Tuttosport басылымы Еуропаның үздік жас ойыншысын таңдады. Дәстүрге айналған бұл марапаттың биылғы жеңімпазы - ПСЖ ойыншысы Килиан Мбаппе.

Жылдың үздік жас ойыншысы Еуропаның белгілі БАҚ өкілдері арасындағы дауыс беру қортындысында белгілі болды.

«Golden Boy» сыйлығына үмітті үштік қатарында Килиан Мбаппеден өзге тағы бір француз ойыншысы Усман Дембеле(«Барселона») мен «Манчестер Сити» шабуылшысы бразилиялық Габриэль Жезус болатын.

Килиан Мбаппе өткен маусымда «Монако» клубымен бірге Франция чемпионы атанып, Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жеткен еді. 18 жасар шабуылшы барлық ойындарды қосқанда 26 гол соққан.

Өткен жылы «Golden Boy» сыйлығы бұл күндері «Суонси» клубында жалда жүрген «Бавария» ойыншысы Ренату Санчештің қанжығасында кеткен.

Сондай-ақ әр жылдары «Golden Boy» жүлдесін Месси, Руни, Фабрегас және Агуэро сынды футбол жұлдыздары жеңіп алған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или