Қазақстан мен Аргентина жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Қазақстан мен Аргентина жолдастық кездесу өткізуі мүмкін

Футболдан Қазақстан құрамасы Аргентинамен жолдастық кездесу өткізуі мүмкін. Бұл туралы Prosports.kz сайтына Қазақстан футбол федерациясы хабарлады.

«Расыммен де біз Аргентина құрамасымен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Егер екі жақ келісіп жатса, Аргентина құрамасы негізгі құраммен ойнайтын болады. Қазірдің өзінде олар Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізуге келісімдерін берген. Ойын қараша айының он бірінде өтеді», - деді Қазақстан футбол федерациясынан.

Естеріңізге салсақ, Аргентина құрамасы Ресейдегі Әлем чемпионатына жолдаманы соңғы турда жеңіп алған болатын. Хорхе Сампаоли шәкірттері іріктеудің ақырғы ойынында сырт алаңда Эквадор құрамасын 1-3 есебімен жеңіп, Әлем чемпионатына жолдаманы қоржынға басқан. Аргентина қатарында үш голды да  Месси соққан болатын. Ал Қазақстан құрамасы үшін іріктеу сәтсіз аяқталып, Бородюк шәкірттері  көш соңында қалып қойған еді.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или