Джордже Деспотович: Алаңға оралғаныма қуаныштымын
«Ордабасыға» қарсы кездесуде 3 айдан бері алаңға шықпаған Джордже Деспотович алаңға шығып, осы ойындағы елордалықтардың жалғыз голын соқты. Деспотович клубымыздың баспасөз қызметіне ойын туралы әсерімен бөлісті.
- Біздің командаға бүгінгі кездесуде қалай да жеңіске жету керек болған еді. Өкінішке қарай, біз жеңіліп қалдық. Енді маусымның соңғы кездесулері қиын болары анық. Дегенмен, барлығы біздің қолымызда. Бұйырса, алдағы кездесулерде жеңіске жетіп, чемпиондыққа қол жеткіземіз деген сенімдемін.
- Сіз алаңға үш айдан кейін қайта оралдыңыз. Өзіңізді қалай сезіндіңіз?
- Мен алаңға оралып, гол соққаныма қуаныштымын. Екінші гол соғатын да сәт болған, алайда Диакате соққыға тосқауыл болды.
- Өзіңнің спорттық бабыңа келіп үлгердің ба?
- Үш айдан бері алаңға шықпағандықтан, маған әлі де еңбектену керек. 90 минут алаңда командаға көмектесу үшін, әлі де жаттығатын боламын.