Вячеслав Грозный: Бізде бір маусымда 20-30 гол соғатын шабуылшы жоқ
«Ертіс» бас бапкері Вячеслав Грозный команданы алға сүйрейтін шабуылшының жоқ екенін айтып күйінді.
- Алға қойған тапсырманы орындау үшін жан таласып бағатын командалар арасындағы ойындар тартымды бола қоймайды. Алаңда талас көп болды, мінез көрсету, жан-тәнімен беріліп ойнау керек болды. Бірақ ең бастысы – голдық сәттерді пайдалану еді. Кім пайдалана алса, сол басымдыққа ие болады. Өкінішке орай, біз ойыншыларымызды бірнеше рет мәжбүрлі түрде ауыстырдық. Екінші таймның басында Дарабаевты шынтақпен ұрып, оны алмастыруға тура келді. Содан кейін Пиралы Әлиевті де амалсыздан ауыстырдым. Сонымен қатар, Лория да жарақат алды. Дәрігерлер қарап жатыр. Біз 10 ойыншымен қалдық. Бәлкім ережені өзгерту керек шығар: Сондай кезде қақпашыны қақпашығы ауыстыратын мүмкіндік беру қажет. Соған қарамастан, жігіттер жақсы ойнады. Қақпаға тұрған Есімов те жерге қаратпады. Фонсека бірге бір шыққан кезде біз бірінші болып гол соғуымыз керек еді. Өкінішке орай біз гол соға алмадық, келесі шабуылда бізге соқты. Команда есепті теңестіре алатын қауқар көрсете алды. Жігіттерге жігерлерін көрсеткендерін үшін рақметімді айтамын. Алайда көптеген голдық сәттерімізді пайдалана алмадық, тек қана осы ойынды айтып отырғаным жоқ. Құрам тең ойнағанда, бәлкім жеңер ме едік. Бізде бір маусымда 20-30 гол соғатын шабуылшы жоқ, - деді Грозный.