Виктор Пронь: Негізгі құрамда ойнауға мүмкіндік берген бапкерлерге алғыс айтамын
Премьер-Лига ойындарының 31-ші туры аясында «Астана» сырт алаңда шымкенттік «Ордабасыға» қарсы ойнады. Осы кездесуде елордалық команда сапында екі жас ойыншы өздерінің дебютті кездесулерін өткізді.
18 жастағы Талғат Кусяпов пен 20 жастағы Виктор Пронь негізгі команда сапындағы алғашқы кездесулерін өткізді.
Өзінің алғашқы кездесуі қалай өткендігін Виктор клубымыздың баспасөз қызметіне айтып берді:
- Алаңға алғаш шыққан сәтте аздаған қобалжу болды. Дәл мұндай жағдай кез келген ойыншының басында болады деп ойлаймын. Негізгі команда сапында алаңға шығуға мүмкіндік берген бапкерлер құрамына алғыс айтамын.
- Станимир алаңға шығар алдында саған қандай нұсқау берді?
- Өз күшіме сеніп, қобалжымауымды сұрады.
- Өзіңнің дебюттік кездесуіңе қандай баға бересің? Бапкерлер құрамының берген тапсырмасын орындай алдың ба?
- Менің ойымша, бағаны бапкерлер құрамы береді.