«Ертіс» - «Ақтөбе»: сандар сөйлейді
Қазақстандық Премьер-Лиганың 31-турында павлодарлық «Ертіс» өз алаңында «Ақтөбе» командасын қабылдап, матч 1:1 есебімен аяқталды. Тарихта қалатын бұл ойындағы сандық статистиканы назарларыңызға ұсынамыз.

Бұл тартыста алаң иелері ойынның 52% уақытын допқа иелік етті. Қонақтар қалған 48% допты өздерінде ұстады.

«Ертіс» 90 минуттық матч барысында 15 рет қарсыластардың қақпасын нысанға алған, оның ішінде 7 соққы тура бағытталды. «Ақтөбе» болса 14 рет павлодарлықтардың қақпасын көздеген, 4 соққысы тура ұшты.

Вячеслав Грозныйдың шәкірттері 3 рет бұрыштама көтерді, Владимир Мухановтың ұжымы 5 рет допты бұрыштамадан ойынға қосты.

Тәртіп бұзудан қонақтар алдына жан салмады. 19 рет ақтөбеліктер бас төрешінің ысқырығын шалдыруға мәжбүр болды, дегенмен, екі футболшысы ғана сары қағаз алды. Павлодарлықтар 9 рет ереже бұзуға жол берген, нәтижесінде 3 футболшысы ескертумен жазаланды.

Офсайд көрсеткіші бойынша қонақтар басым - 3:4.

Бұл ойында 72-минутта Давид Лория жарақат алып, ойынды жалғастыра алмады. Барлық футболшы ауысымын падаланған «Ертістің» қақпасын қорғауға Руслан Есімов тұрды. Қорғаушы 78-минуттан 94-минутқа дейін бірнеше рет сейф жасап үлгерді. Павлодарлықтар ең соңғы 97-минутта таразы басын теңестірді. Бұл кездесудегі қос гол қосымша минутта соғылды. Ал, бас төреші ойынға 8 минут қосқан еді.

«Ертіс» пен «Ақтөбе» осымен 60-рет жасыл алаңда жолықты. 27 рет павлодарлықтар жеңсе, 22 рет қарсыластар басым түскен. Сенбілік жекпе-жекте 11-інші тең есеп тіркелді.