Айтпай Жамантаев: Жас футболшылардың ойыны қуантады
Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы Айтпай Жамантаев футболдан 2019 жылғы Әлем Чемпионатының іріктеу турнирі аясында өткен ойын туралы ой бөлісті.
- Біз өте мықты ұжыммен кездестік. Қарсылас команданың ойыны ұйымдасқан, ойыншылары шебер. Дегенмен біз де жақсы нәтиже көрсетуге мүмкіндік болды. Өкініштісі, екі голды да өз қателігімізден өткізіп алдық. Бірінші эпизодта қорғаушы көмектеспеді, екіншісінде пас беру кезінде дөрекі қате жібердік. Бізде шабуылды соңына жеткізбеу мәселесі бар. Әзірге шабуылдарымызда қарқын жоқ. Жас футболшыларымыздың ойыны қуантты. Олар үшін халықаралық деңгейдегі кездесулерге қатысу – мол тәжірибе.
- Ойынның бірінші минутында соғылған гол барлық жоспарды құртты ма?
- Өте қисынсыз гол өткізіп алдық. Шыны керек, бұл психологиялық тұрғыдан соққы болды. Себебі командаға кездесудің алғашқы минуттарынан бастап гол өткізу әрдайым қиын.
- Командамыздың бірден алты ойыншысы үшін ұлттық құрама сапындағы небәрі екінші матчын өткізді. Оларға бүгін қандай баға бересіз?
- Олар бұрынғыдан жақсырақ ойнады. Жастар кішкенден болса да, дамып жатыр. Өздеріне деген сенімділік пайда болды.
- Қараша айында командамыз сырт алаңда Уэльс пен Англияға қарсы ойындар өткізеді. Қазақстан әйелдер құрамасынан қандай нәтиже күтуге болады?
- Жақсы нәтиже үшін барымызды салап ойнаймыз. Жеңілістерден дұрыс қорытынды шығара алу керек. Біз өткен ойындарды жан-жақты талдап, ойынымызды жақсарта түсетін қандай да бір өзгерістер енгізуге тырысамыз.